Бүгін Қармақшы аудандық кәсіпкерлер палатасы алаңында өңірлік кеңес мүшелері аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесті.

Өңірлік кеңес мүшелері алдымен Қармақшылық қыз-келіншек кәсіпкерлердің өнімдерінен тұратын шағын көрмемен танысты.

Әрі қарай өңірлік кеңестің төрағасы Ерлан Раимов кеңестің мақсат-мүддесімен таныстырып, қарап, шешіп жатқан мәселелермен таныстырды. Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі Қаржаубаев Алмас облыстан келген азаматтарға бірқатар өзінің сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сонымен қатар, Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері және жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Бұл шарада Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Даурен Мұзапарұлы, аудандық кәсіпкерлік бөлім басшысы Біржан Мүтәлұлы ауыл тұрғындарына арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасы мен жастарға арналған 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиенің мүмкіндіктерімен бөлісті.

Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Мен кәсіпкердің» «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында жүзеге асырылатын «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді.

БӨЛІСУ