Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы Арал ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы медициналық ұйымдар жұмысымен танысты.

Алдымен Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасының, жүйке аурулар диспансері және «B.B.Nurа» гемодиализ бөлімшесі жұмыстарымен танысты.
Одан әрі жұмыс сапары «А.Байтұрсынов» ауылдық емханасы, жоспарланып отырған ауданаралық «Қамқорлық» оңалту орталығының ғимаратын, жұқпалы аурулар бөлімшесі, Арал ауданының жедел-жәрдем стансасы, Сексеуіл ауылдық ауруханасы, Шижаға дәрігерлік амбулаториясы, Сапақ медициналық бекетінде жалғасты. Медицина мекемелері жұмысымен танысқан өңір бас дәрігері халыққа әрдайым сапалы әрі медициналық қызмет көрсету басты мақсат екендігін айта келе, көңіл аударатын тұстарға тиісті тапсырмаларын беріп өтті.
Басқарма басшысы сонымен қатар, ауыл тұрғындары ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатта халық арасында жеке қабылдау өткізді. Онда тұрғындар медициналық көмекке байланысты ұсыныстарын білдірді. Өз ретінде Олжас Ермекұлы айтылған өтініштер бойынша жұмыс жасалынатындығын жеткізді.

БӨЛІСУ