Сырдария аудандық әкімдігінде ауылдық округ әкімдерімен кездесу өтті. Кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздықов кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламалар жайлы, Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Әсел Алушаева «Мен кәсіпкер» жобасы, оның бағыттары, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Наталья Мишукова «Мен кәсіпкердің» «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясындағы шаралар, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы жөнінде айтып берді.

Сырдария ауданының кәсіпкерлері мен ауылдық округ әкімдері кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға әзірліктерін айтып, Кәсіпкерлер палатасынан бизнес жоспар жасауда көмек көрсетуін сұрады.

Пірмұхаммед Сыздықов Палата мамандары кәсіпкердің өтініші негізінде бизнес жоспарды тегін әзірлеп беретінін, ал өздері дайындауға ниетті азаматтарға әдістемелік көмек көрсететінін жеткізді.

Айта кету керек, Сырдария ауданында 3119 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Биыл 3 айда аудан кәсіпкерлерінің 124 жобасына түрлі ұйымдардан 1 млрд теңге қаржы берілген.

БӨЛІСУ