Соңғы жылдары кальянды тұтыну тамақтану орындарында, түнгі клубтарда, барлар және казиноларда жиі кездесіп жатқанын бәріміз естіп, көріп жүрміз. Дегенмен, тұтынушы оны пайдалану процесінде денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін екенінен бейхабар болып жатады.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне қатысты санитариялық- эпидемиологиялық талаптармен белгіленген санитариялық қағида бар, ол ҚР ДСМ-нің 17.02.2022 жылғы № ҚР ДСМ-16 бұйрығы бар. Аталған бұйрықта қорқорға қатысты арнайы түсіндірме көрсетілген, яғни қорқор – темекінің бықсуынан және (немесе) қыздыруынан туындайтын аэрозольді, буды немесе түтінді, сондай-ақ құрамында темекі жапырағы жоқ өнімдерді жұту үшін пайдаланылатын және аэрозоль, бу немесе түтін сұйықтығы бар ыдыс арқылы өтетін аспап болып табылады
Айта кетейік, көптеген адамдар кальян, темекі шегу денсаулыққа мүлдем зиянсыз және қарапайым темекіге қауіпті емес балама түрі деп санайды.

Бірақ эксперименттердің нәтижелері қорқор шегудің зиянын темекі шегуден кем еместігін дәлелдейді. Ең өкініштісі, қорқор шегудің салдары – өкпенің қатерлі ісігі, бедеулік, жүрек-қан-тамыр жүйесінің әртүрлі аурулары, сондай-ақ кальян шегу ұрпақ денсаулығына әсер етуі әбден мүмкін. Кальянның құрамында темекі сияқты тәуелділік туғызатын никотин бар.
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 110-б. 5-т. сәйкес, көпшілік жиналатын қоғамдық орындар мен мәдени – спорттық іс шаралар өтетін орындарда кальян шегуге тыйым салынады, оның ішінде қоғамдық тамақтану орындары, түнгі клубтар мен дискотекалар да бар.

Темекі, қорқор шегу үшін арнайы бөлмелер қарастырылған болуы керек. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарды темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластанудың жапсарлас үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін есікпен немесе осыған ұқсас құрылғымен жабдықталған жеке үй-жайларда орналастырады. Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда сусындарды және тамақты ішуге жол берілмейді.

Темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындар:
1) темекі бұйымдарын тұтыну процесінде бөлінетін ластануларды, сондай-ақ ластанған ауаның жапсарлас үй-жайларға енуіне кедергі келтіретін механикалық іске қосылатын ішке сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесі бар жабық үй-жайларда желдетудің жалпы сыртқа тарату жүйесінен бөлек;
2) күлсалғыштармен немесе темекі тұқылдарды жинауға арналған арнайы урналармен жабдықталады.
3) үй-жайда темекі түтінінен немесе иісінен арылуға мүмкіндік беретін құралдарды орналастыруға жол беріледі.
4) темекі бұйымдарын тұтыну үшін арнайы бөлінген орындарда жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті ылғалды жинау жүргізіледі.

БӨЛІСУ