Мемлекет басшысының төрағалығымен өткізілген еліміздің әлеуметтік-эконмикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте, «Азық-түлік инфляциясын тұрақтандыру үшін Үкіметтің алдында агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты өсімін қалыптастыру міндеті тұрғанын» атап өтті.

Осы міндетті орындаудың бірден-бір жолы жергілікті жерде өндірілетін өнімдердің көлемін арттыруБиыл облыста 195,6 мың (2022 ж.- 188,5 га) гектарға егін егуді межеленіп отыр. Оның ішінде негізгі дақыл күріштің көлемі 83,9 мың (2022 ж.- 78,6 га) гектарды құрайды.

Дәндi дақылдар – 96,4 мың га, майлы дақылдар – 5,7 мың га, мал азықтық дақылдар – 73,7 мың га, қант қызылшасы 7 га, картоп, көкөнiс, бақша – 19,8 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемін 7,0 мың гектарға, күріштің көлемін 5,3 мың гектарға, мал азықтық дақылдарды 2,3 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақшаның көлемдерін 222 гектарға ұлғайу межеленуде.  

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерімен қамтамасыз ету үшін 5 500, жергілікті тұрғындарға 3 300 гектар қосымша жерлер дайындап беру жұмыстары жүргізіліп отыр.

Аймақтың егіншілік саласы Сырдария өзені бассейніндегі су көлеміне тікелей тәуелді екені белгілі. Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде жиналған су көлемі өткен жылғы мөлшерден (964 млн. текше метрге) артық болғанымен, Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан су қоймаларында жинақталған судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда аз болып отыр (1,3 млрд. текше метрге).

Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің су режиміне сәйкес, биылғы жылдың 1 мамырынан бастап облысқа секундына 550 текше метр су жіберілуі жоспарланған, Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан 500 текше метрге түсіруді ұсынуда.

Тағы бір айта кетерлігі,  шаруашылық құрылымдары «Қазсушар» филиалының алдындағы былтырғы су жеткізу қызметіне берешек қарыздары 170 млн. теңгеден асады. Оның ішінде ең көбі  Жалағаш ауданы шаруашылықтарының үлесінде, 66,4 млн. теңге. Бүгінгі күнге шаруашылықтардың не бары              39,3 пайызы ғана су жеткізу келісім шартына отырған. Сондықтан, қала және аудан әкімдері биылғы жылдың 5 мамырына дейін шаруашылықтардың«Қазсушар» филиалымен келісім-шартқа отыруларын және          су жеткізіп беру қызметіне берешек қарыздарымен толықтай есептесулерін қамтамасыз етуді аймақ басшысы нықтады.

Ауыл тұрғындарына қолдау көрсету өте маңызды. Азық түлік өнімдері бағасының өсуі де үлкен мәселе. Халыққа өзін-өзі азық түлікпен қамтамасыз етуге барлық жағдай жасалуы тиіс. Сондықтан, әкімдерге осы мәселені қатаң бақылауға ұстау тапсырылды.

Күрішті азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы форварттық сатып алу биыл пилоттық жоба ретінде енгізілуде. Шаруалар алған қаржыны тиімді пайдаланып, уақытылы сапалы күрішпен есептессе келесі жылы оның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік болады.

Сыр дихандары жыл сайын еліміздің күрішке деген сұранысының 90 пайызынжабумен қатар, өндірілген күріштің 25-30 пайызын шет елдерге экспорттауда.

Күріш бағасының өсуіне байланысты экспортты шектеу мәселесі де  көтерілудеБұл бағытта Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Мақашұлы Жұманғаринмен алдымен ішкі нарықтың сұранысын толық қамтамасыз ете отырып, экспортты шектемеу жолдары талқыланды. Барлық аймақтардағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары мен ірі сауда желілеріне жергілікті күріш өндірушілерден делдалсыз тікелей алдын-ала сатып алу шарттыры жасалуы тиіс.

БӨЛІСУ