Skip to content

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРДА

Бұл тұралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев баяндады.

Ведомство басшысының айтуынша, қалалық елді мекендерді сумен қамту бойынша Қызылорда облысы 100% көрсеткішке қол жеткізген. Үздіктер қатарында Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақтөбе және Алматы облыстары бар. Сонымен қатар Қызылорда облысы ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша 98,1% көрсеткішпен аймақтар арасында 5-ші орынға тұрақтаған.

9 өңірде қала халқының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ға жетіп отыр – ҚР ИИДМ. 2022 жылы еліміздегі қалаларда сумен жабдықтау қызметтері 98,4%-ға, сондай-ақ ауылдық жерлерде 94,5%-ға қолжетімді болды.  Қазір Қазақстанның 9 өңірінде қала халқының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ға жетіп отыр.

БӨЛІСУ

Designed using Hoot Business. Powered by WordPress.