Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аудандық комиссия отырысы өтті.
Жиында үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова баяндады. Хабарламада Санира Нұрғожақызы аудан бойынша білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралар туралы хабарлама жасады.
Отырыстағы екінші мәселе Арал қаласы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар туралы Арал қаласының әкімі Е. Талекенов хабарлады.
Сондай-ақ, «Жобалық басқаруды жүзеге асыру» қағидаларына сәйкес № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылуы туралы жұмыстар жайында Арал ауданы әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаев айтып өтті.
Баяндамашылардан соң сөз алған аудан басшысы: «Өздеріңізге белгілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру қоғамның барлық салаларын қамтиды, әсіресе, білім беру мекемелеріне жүктелетін жауапкершілік аса жоғары. Елімізде білім саласына көрсетілген барлық қолдау шараларына қарамастан, бюджетті дұрыс жоспарламау, артық жалақы аудару мен оны заңсыз жұмсау жағдайлары орын алуда. Сол себепті, алдағы уақытта ұдайы құқықтық сауаттылықты арттырып, біліктіліктерін жетілдіру үшін тиісті заңдылықтар аясында жұмыс жасауды қатаң ескертемін.
Жер мәселесі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары саланың бірі. Бөлімдер тарапынан, комиссия мүшелері тарапынан өзара келісу, жасыру әрекеттері орын алмауы қажет. Сондықтан жұмыс тобының және жер комиссиясының жұмысын дұрыс ұйымдастырып, қатаң бақылауға алуды тапсырамын. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл үлгілік базалық бағыты барлық мемлекеттік органдар үшін орындалуы міндетті. Алдағы уақыттарда да тиімді жұмыс нәтижесін көрсету үшін, бұл жобаға барлығымыз жауапкершілікпен қарап, уақытылы тиісті шараларды атқаруымыз қажет» – деді.
Сондай-ақ, комиссия отырысының қорытындысымен, аудан әкімі сала басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне аудандағы барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайластықтың жолын кесу және алдын алу бағытында жұмыстарды жандандыруды және жеке және заңды тұлғаларға түрлі мақсатта жер табыстау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету Қағидаларындағы талаптарды қатаң сақтай отырып, тек электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді міндеттеді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіру, кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстарын ұдайы жүргізуді және №4 Үлгілік базалық бағытын іске асыру мақсатында бекітілген «Қызылорда облысында Парасаттылық мәдениетін ілгерілету бойынша 2023 жылға арналған кешенді жоспары» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобалар тобы бойынша 2023 жылы атқарылатын іс-шара жоспарын» сапалы әрі уақытылы орындалуын тапсырды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық сипатындағы теріс қылықтардың алдын алу профилактикалық жұмыстар мен ақпараттық шараларды көбейту қажеттігін жүктеді.

БӨЛІСУ