Бүгін ауданда қоғамдық тәртіпті сақтау және жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы, аудандық прокуратураның прокуроры Сәкен Адайбекұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Ермағамбетұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, «AMANAT» партиясының Қармақшы аудандық филиалының атқарушы хатшысы және мәслихат депутаттары мен ел ағалары, полиция қызметкерлері бірлесіп түнгі рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында кафелер, саябақтар, дүкендер, аллеялар және басқа да жастар көп шоғырланатын орындар араланып, түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

БӨЛІСУ