Сот үкімімен сотты болып есепке алынған тұлғаларды қоғамнан оқшауламай, болашаққа деген сенімін арттыру бұл бағыттағы атқарылуға тиіс жұмыстардың негізгі міндеті.
Пробациялық бақылауға алынған азаматтарды қоғамға қайта қалыптастыруда аудандық прокуратурамен бірқатар іс-шаралар белгіленіп, олардың жүйелі жүзеге асырылуы үнемі қадағалауында.
Бүгін 19.04.2023ж. құзырлы органдармен бірлесіп атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 есептегі азаматқа (барлығы 2 млн 760 мың) «Бастау бизнес» жобасы бойынша өздерінің жасаған бизнес жобаларын жүзеге асыру үшін әрқайсысына 1 млн 380 мың теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлініп, сертификаттар табысталды.
Қазалы ауданы бойынша пробациялық есепте барлығы 70 адам болса, оның 15-і түзелу жолына түсуіне байланысты түзеу мекемелерінен ауыстырылғандарды құрайды.
Ағымдағы жылы есептегі азаматтардың 4-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 2-і квота бойынша тұрақты жұмысқа орналасқан.
Сондай-ақ, демеушілердің көмегімен 12 есептегі азаматтардың отбасына қайырымдылық көмек есебінде азық-түліктер берілді.