Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өтті. Президент атап өткен негізгі бағыттарға қысқаша жазайын.
Тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық – еліміздің басты басымдықтары. Ал мұның басты негіздерінің бірі – бірлік, деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздегі ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына қауіп төндіретін арандатушылық мәлімдемелермен күреске ерекше назар аударды. Олардың авторларының басым көпшілігінің Қазақстанға еш қатысы жоқ, олар шетелден әрекет ете отырып, қоғамымызға алауыздық тұқымын себуге тырысады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Мемлекетіміз үшін маңызды басымдықтардың бірі – мемлекеттік тілді білу мәселесіне назар аударылды. Президент бұл мәселені стратегиялық деп атады.
Көпмәдениетті ортаны дамытып, барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруіне жүйелі қадамдар жасау қажет. Сонымен бірге, Қазақстандағы әрбір этностың өз салт-дәстүрін, мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндігі бар.

Аймақтық ерекшеліктерге жіті назар аудару міндеті қойылды. «Соңғы қақтығыстар негізінен ауылдық жерлерде болды. Сондықтан шалғайдағы ауылдардың, әсіресе ұлттар тығыз қоныстанған аймақтардың тұрғындары арасында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізу қажет. Мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласында жүргізіп жатқан саясатын халыққа түсіндіру қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру қажет. Әрбір азамат өз сөзі мен іс-әрекетін заң тұрғысынан бағалауы, өз іс-әрекетінің құқықтық салдарын анық түсінуі керек.
Сессия барысында Мемлекет басшысы бірқатар қазақстандықтарға бейбітшілікті, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін марапаттар тапсырды.

АИДА ӘБИБУЛЛАЕВА
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ

БӨЛІСУ