Жоғарғы Сот Төрағасы «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасымен кездесті.

Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Райымбек Баталовпен кездесті.

Кездесуге Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Үстеміров қатысты.

А.Мерғалиев өз сөзінде кәсіпкерлікті халықтың әл-ауқатының өзегі деп атай отырып, сот жүйесіндегі одан әрі өзгерістерді талқылау шеңберінде Жоғарғы Соттың ынтымақтастыққа бейілділігін атап өтті. Ол Парламенттің судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейтуге, аудандық соттар төрағалары мен ЖС судьяларын сайлауды енгізуге, мемлекеттік баждың жоғарғы шегін белгілеуге және т.б. бағытталған бірқатар заңдарды қабылдағанын еске салды.

Р.Баталов өз кезегінде сот пен елдің инвестициялық тартымдылығы ажырамас ұғымдар екенін атап өтті.

Кездесудің қатысушылары апелляция құрамын автоматты түрде анықтау, аумақаралық соттылық, қылмыстық және азаматтық істер бойынша бірыңғай кассацияны енгізу, күзетпен ұстауға және бас бостандығынан айыруға балама бұлтартпау және қылмыстық жазалау шараларын қолдану аясын кеңейту, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхаттарды алқабилердің қарауына беру сияқты ұлттық сот төрелігінің сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұсыныстарды талқылады.

А.Мерғалиев пен Р.Баталов заңнаманы жетілдіру және корпоративтік даулар жөніндегі сот практикасын түсіндіру бойынша бірлескен мобильді топтар шеңберінде жұмыс істеуге келісті.

БӨЛІСУ