Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес барысында Мемлекет басшысы еліміздің дамуына жол ашып, кемшіліктерді оңтайлы шешуге байланысты ойымен бөлісіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
– Осында отырған әрбір мемлекеттік қызмет ші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Сіздер мемлекетшілреформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түп кі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамта масыз ету қажет, – деді ҚасымЖомарт Тоқаев.
Осы ретте Президент еліміздегі әлеуметтің жағдайын жақсартып, халықтың әлауқатын арттыруға негіз болар басымдықтарды атап өтті. Ол үшін азықтүлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, отандық өндірісті ұлғайту аса өзекті. Сонымен бірге, азаматтардың нақты табысын арттыру, байыпты макроэкономикалық саясат жүргізу, экономиканы монополиядан арылту, инфрақұрылымды одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жаңғырту бойынша ауқымды шара ларды қолға алу маңызды. Азаматтардың сапа лы медицина мен білімге қол жеткізуін қамта масыз ету, табысты жұмыс орындарын ашу, сондайақ, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру де кезек күттірмейді. Осыған орай, жауапты тұлғалар өз жұмыстарында осы мәселелерге екпін беруі тиіс.
Президент өз сөзінде дәл қазір шешімін та буы тиіс бірқатар мәселелерді ерекше көрсетті. Әсіресе, «Ірі кәсіпкерлер Қазақстанда тапқан табысын басқа жақта емес, өз еліміздің биз несін дамытуға жұмсағаны абзал. Жұмысын осы талапқа бейімдей алған ірі кәсіпкерлер нағыз ұлттық бизнесэлитаға айналады. Халықтың құрметіне бөленіп, мемлекеттің қорғауы мен қолдауына ие болады. Сонымен қатар, бізге «кәсіпкерлердің жаңа толқыны» керек. Мемле кеттің ресурсына арқа сүйемей, бойындағы да рыны мен іскерлігі арқылы тұрақты әрі мықты кәсіп құра білген «тың күштер қажет» деп Қа зақстанда кәсібін дөңгелетіп отырған жандарға қозғау салды. Расында, отандық кәсіптің өрлеуі ел дамуындағы басты қозғаушы күш. Бірақ, біз дегі кәсіптің дені алыпсатуға негізделген. Сон дықтан алдағы уақытта кәсіпкерлерді отандық өндірісті дамытуға ынталандырып, жастарды
СОТ СӨЙЛЕСІН
бизнес жүргізуге баулыған дұрыс. Бұл жерде де ұлттық идеология ұмыт қалмауы керек. Өйт кені, Отанын сүйген кәсіпкер ғана табысын елді көркейтуге жұмсайды.
Бұдан бөлек кеңесте коммуналдық төлем дерді заңсыз өсірмеу, азаматтардың еңбекақы сын нарық талабына бейімдеу, жанаржағар май бағасын тұрақтандыру қажеттігі де на зардан тыс қалмады. Монополистер тарифті өсіруде коммуналдық инфрақұрылымның ескір генін жиі сылтау етеді. Бірақ, бағаны өсіруден түскен ақшаның қайда жұмсалғанын бақылау тетігі жоқ. Осыған орай, Президент «Тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана ком муналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұм салуы керек. Сондайақ, жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет. Сондықтан Үкімет ке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амалтәсілдер енгізуді тапсырамын» деді.
Енді жанаржағармайдың бағасын көте ру арқылы түскен қаржыны алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қадағаланады. Қаржы жаңа мұнайгаз жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсалуы тиіс. Егер Президент тапсырған бұл тетік іске асса бағаны тұрақтандыруға, халықтың әл ауқатын арттыруға үлкен сеп.
Сонымен бірге, ҚасымЖомарт Кемелұлы жоғарыдағы мәселелердің шешімі заң мен тәртіпті қатаң сақтауда екенін қадап айтты. «Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та бол майды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс. Қоғамның қа уіпсіздігін және тұрақтылығын сақтау – мемле кеттің басты міндеті» деген тұжырымның дәл дігімен келіспеуге болмайды. Біздегі дамудың кенжелеп, реформалардың аяқ асты болуына көбінекөп азаматтардың құқықтық сауатының кемдігі, басшылардың заңды белден басуы түрткі болатыны жасарын емес.
А.САТЫБАЛДЫ