Еліміздің бас қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 32 сессиясын өтті. Жиынға Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың, дипломаттық корпустың, ғылыми, шығармашылық зиялы қауымының, қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.”Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму” тақырыбында өз ойларын ортаға салды. Жиынды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашты. Мемлекет басшысының сөзінде:
«Еліміз жақында Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Қазақстан үшін бұл аса маңызды мереке. Еліміз Бірлік күнін міндетті түрде атап өтуге тиіс. Себебі қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын десек, бірлігіміз әрқашан бекем болуы керек. Бұл – анық ақиқат. Ассамблеяның алқалы жиынын жыл сайын ел бірлігі күніне орай өткізу дәстүрге айналды. Бұл сессия – көктем мезгілінде мемлекеттік деңгейде өтетін ең ауқымды іс-шара. Мұнда еліміз үшін өте маңызды ұсыныстар айтылады.
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа, ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Апенов Болат Мейрамұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Философия» кафедрасының аға оқытушысы,
философия ғылымдарының кандидаты