Тұрмыстық Зорлық-зомбылыққа байланысты жаза қатаңдатылды.

Отбасындағы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құық бұзушылықтардың жауапкершілігін қатаңдату туралы әкімшілік және қылмыстық кодекстерге бірқатар түзетулер әзірленуде.
Заң жобасында отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар ӘҚБтК-нің 73 бабы (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құыққа қарсы әрекеттер), ӘҚБтК-нің 73-1 бабы 1-1 бөлігі ( денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ) және ӘҚБтК-нің 73-2 бабы 1-1 бөлігі (ұрып соғу) бойынша құқық бұзушылықтар, оларды тіркеудің өтінім беру сипатынан анықтау сипатына көшірілді, яғни аталған факті орын алған жағдайда жәбірленушінің арызынсыз бірден әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалатын болады.
Отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғу деректері бойынша құқық бұзушы 10-15 тәулікке дейін қамалса, енді олар 15-20 тәулікке қамалады. Жеңіл жарақат салғандарды қамауға алу мерзімі 15-20 тәулік болады. Қорғау нұсқамасын бұзғандарға қазіргідей ескерту берілмей бірден 10 тәулікке қамалады.
Өзгертілген қылмыстық кодекс 19 мамырда, ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс 1 шілде күні күшіне енеді.

БӨЛІСУ