Бүгін Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Тілептің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын түсіндіру және оқыту бойынша жиын өтті.
Күн тәртібіндегі көрсетілген мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ринад Ібайдуллаұлы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлеріне түсіндіріп берді.
Мұнан бөлек, №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты бойынша жұмыстардың жүргізілу барысы талқыланды.
Қорыта келе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шараларды қабылдау тапсырылды.