Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІІ сессиясы– «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» ұранымен өткендіктен ол бүкіл Қазақстан халқын үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Президент өз сөзінде: Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт-деп ассамблея жұмысына арнайы тоқталып өтті.
Әділетті Қазақстанды құруға ассамблея құрылымының мүмкіндіктері мен әлеуеті жеткілікті. Қазіргі таңда өткен 30 жылдықта көптеген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметіне көп сын айтылуда, оның ішінде ассамблеяның жұмыстарына да көптеген сындар айтылды. Ол орынды да. Сондықтан, алдағы міндет ассамблеяның жұмысын жандандыру, әсіресе медиа кеңістіктегі белсенділігін арттыру қажет. Сонда ғана еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуінің күшті тетігіне айналмақ. Қоғамдық пікір оны нақты сезінуі тиіс.
Тастанбек Яхияұлы Сәтбай
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы,
Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы
Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі