Өңірлік коммуникациялар қызметі Сырдария ауданындағы еңбек жасақтарының жұмысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне көшпелі брифинг ұйымдастырды.

Бүгінде жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жастарды еңбекке баулу және NEET санатындағы жастардың санын азайту мақсатында бірнеше ауылдық округтерден жастар бригадалары құрылуда.

Көшпелі брифингте БАҚ өкілдері алдымен Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің «Асқар жастары» еңбек бригадасының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда бригада мүшелері 6 гектар жерге бақша дақылдарын егуді жоспарлап отыр. Бүгінде жер жырту, берілген аумақты қоршау жұмыстарымен айналысуда. Одан кейін, Айдарлы ауылдық округінің жастар бригадасының жұмыстарын көрді. Айдарлыда 10 жас он гектар жерге бақша дақылдарын егу үшін қоралап арықтау жұмыстарын жүргізген. Олар 7 гектар қауын, 3 гектар картоп егетін болады.

Айта кетейік, жастар бригадаларына мемлекеттен уақытша жер беріліп, су айдайтын насос құру, қоршалау, егін науқанына дайындық жұмыстарына қолдау көрсетілуде. Аталған жастар бригадаларында жұмыссыз жастар жұмыс істейді.

БӨЛІСУ