Жоба – өңдеу саласына қатысты жобаларды қаржыландыруға (жылыжайлар, сүт, ет өндірісі, құс және балық шаруашылығы), өсімдік шаруашылығын дамытуға, ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтауға, мал шаруашылығын дамытуға және басқа да бизнес жобаларды қаржыландыруға бағытталған.
Микрокредиттер 5 жылға дейінгі мерзімге, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін беріледі.
Микрокредиттің ең жоғары сомасы – ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК-ке дейінгі соманы құрайды. Зәкірлік кооперацияны дамыту үшін 8,0 мың АЕК.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды.
Несие алушыларға бірқатар талаптар қойылады.
Оның ішінде: несие алушы жеке кәсіпкер болып тіркелуі керек. Басқа да несиелері бойынша мерзімі өткен жарнаның болмауы, мемлекеттік кірістер органдар алдында берешектің болмауы, несие алушының жасы зейнеткерлік жастан аспауы тиіс.
Несиені кепілмен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін қажетті жағдайлардың болуы, құрылған ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне мүшелікке кіру, қаржыландырылған жоба аясындағы өндірілген өнімді ауыл шаруашылық өндірістік кооперативке өткізу керек.

БӨЛІСУ