Жобаның негізгі мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери патриоттық рухты қалыптастыру, жас ұрпақты әскери қызметші мамандығымен және әскери қызметтің қыр-сырларымен таныстыру болып табылады.

Қатысушылар қашықтыққа жүгіруден, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілерден тұратын эстафета және танымын кеңейту бойынша викторина сұрақтарына жауап беру арқылы сынға түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2022 жылы «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «QAISAR» әскери-патриоттық жобасын іске қосты. Ойын жыл сайын тұрақты негізде барлық аймақта өтуде. Жоба қатысушыларды физикалық тұрғыдан ғана сынап қоймай, әскерден кейінгі жастарға ашылатын мүмкіндіктер туралы ақпарат береді, – деді «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы М.Жорабек.

Ойын нәтижесінде І орынды « Дарын» мектеп-интернаты иеленсе, ІІ орынды «Абай» атындағы №2 мектебі, ІІІ орынмен №7 мектеп-лицейі марапатталды. Жауынгерлік рух көтеретін сайыста өңірміздің мектеп оқушылары белсенділік танытып іріктеу тартысты өткенін айтуда.

Жастардың қайсарлығын шыңдаған әскери-патриоттық ойыны тартысты өтті. Шын мықтылар жеңіске жетті деп ойлаймын. Жобаның мақсаты түсінікті. Отанды қорғау әрбір азаматтың борышы. Сондықтан менде әскерде болып, өз міндетімді орындауға әрқашан дайынмын, – деді қатысушы Қыпшақпай Сырымбет.

Іріктеу нәтижесінде І орынды иеленген «Дарын» мектеп-интернатының командасы республикалық «Qaisar» әскери-патриоттық ойынына жолдама алып, Қызылорда облысының намысын қорғайтын болды.

БӨЛІСУ