ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлады Primeminister.kz.
Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды.
Премьер-Министр өткен жылыту маусымдағы тәжірибеге сүйене және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірдің тұтынушылар арасында біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді.
Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.