Бүгін облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысында мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту мәселесі қаралды.

Комиссия отырысына басқарма басшысы М.Құрманбаев қатысып, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары мөлшерлемесінің құралуы және оның қалыптасу негіздері жөнінде таныстырып, арнайы хабарлама жасады.

Отырыс барысында тұрақты комиссия мүшелерімен сұрақтар қойылып, орман пайдалану төлемақысы ставкаларының мөлшерлемесін зерттеп, оның құралуын жан-жақты талқылады.

БӨЛІСУ