2013 жылдың қарашасында қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні мерекесі белгіленді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.

Конкурсты өткізу мақсаттары:
1) ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
2) еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
3) қазақстандықтарда Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуға елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
4) жастарды еңбекке құрметпен қарау, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу;
5) «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» аясында еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру және еңбек өнімділігін ынталандыру.

«Еңбек жолы» конкурсы үш номинациядан:
«ЕҢ ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ»,
«ӨНДІРІСТІҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ЖҰМЫСКЕРІ»,
«ЖҰМЫС ІСТЕУШІ ЖАСТАРДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРІ».

1) «ЕҢ ҮЗДІК ЕҢБЕК ӘУЛЕТІ» – марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ, көп мүшелі әулеттер таңдалады;
Ескертпе: Еңбек әулеті – бір салада бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады.
Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (немесе қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.

2)«ӨНДІРІСТІҢ ЕҢ ҮЗДІК ЖАС ЖҰМЫСКЕРІ» – еңбек өтілімі 5 жылдан аспайтын, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;

3) «ЖҰМЫС ІСТЕУШІ ЖАСТАРДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ТӘЛІМГЕРІ» – еңбек өтілімі 20 жылдан кем емес, аса тиімді жұмыс істейтін тәлімгер тандалады.

Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттарды тапсыру қажет:
конкурсқа қатысуға номинациясы көрсетілген өтініш;
төлқұжаттың көшірмесі;
тиісті номинациясы бойынша 2-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
конкурсқа қатысушы туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хобиі және т.б.), (Microsoft Power Point форматында) 2-3 минуттық компьютерлік презентация;
жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттар / жұмыс орнынан анықтама;
жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат;
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздардың, алғыс хаттардың көшірмелері;
бар болса біліктілікті арттыру куәліктерінің көшірмелері.

Жеңімпаздарды марапаттау Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға Ортақ еңбек қоғамына республикалық Форумында» өтеді (соңғы туры).

БӨЛІСУ