Қазалыдағы түнгі рейд жұмыстары назардан тыс қалған емес. Соған сәйкес аудандағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бүгінгі аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп бастаған құрам ауданға арнайы келген “Хабар 24” телеарнасы қызметкерлерімен бірге жастардың көптеп бас қосатын нысандарын аралады.

Қазіргі таңда ауданда жүріп жатқан түсіндірме жұмыстарын баяндаған Ринад Ібайдуллаұлы түнгі рейд мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты.

Кезекті топта аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, Әйтеке би кенті әкімі Қайрақбай Орынбасаров, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі және өзгеде сала қызметкерлері болды.

Түсіндірме жұмыстарына шыққан арнайы құрам Әйтеке би кентіндегі орталық стадион, ойын-сауық орталықтары, бильярд және компьютер клубтарына барды. Одан бөлек, түнгі клубтар мен кафелерге бас сұғып, жастарды тәртіпке шақырды.

БӨЛІСУ