ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық ғылыми- практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен Ұлттық мектеп лигасы аясында волейболдан «Шұбар доп» жарысының жеңімпаздары анықталды.
Елордада ұйымдастырылған дүбірлі додаға республика бойынша 18 команда қатысып, бақ сынасты. Ерлер арасындағы (9-11 сыныптар) волейболдан «Шұбар доп» жарысында Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының №167 орта мектеп командасы І орын иеленіп, чемпион атанды.
Аймақ абыройын асқақтатқан жас жеткіншектерді аудан халқы салтанатты түрде қарсы алып, білім бөлімі тарапынан жеңімпаздарға сый-сияпаттар көрсетілді.
Республикалық байқауда жеңімпаз атанған мектеп ұжымы мен оқушыларды және жетекшілерін құттықтаймыз!
©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі