Бүгін Сырдария аудандық мәслихаты депутаты Н.Абдрасилов Аманкелді ауылындағы электр желілерін толықтай ауыстыру жұмыстарына партиялық бақылау жасау мақсатында “Универсал Строй-Сервис” ЖШС-ның жұмыс барысымен танысты.
Елді мекенде электр желілерін толықтай ауыстыру жұмыстары бірнеше күннен бері жүргізіліп жатыр. Алайда, ауыл тұрғындары тарапынан жұмыстарға кемшіліктер айтылып, ұсыныстар түсуде.
Осыған байланысты партиялық бақылауға мердігер мекеменің өкілдері мен техникалық байқаушы және ауыл тұрғындары қатысып, түсіндірме жұмыстары жасалды. Осы ауқымды жұмыс аяқталғанша партия бақылауында болатыны айтылды.
Жаңадан орнатылған бірнеше электр бағаналары бос тұр, түбіндегі топырағына нығыздау жұмыстары жүргізілмеген. Осы бойынша кемшіліктерді ескертілді
Мердігер мекеме жасалып жатқан жұмыстардың үстіміздегі жылдың қыркүйек айына дейін сапалы және мерзімінде аяқталатынын жеткізді.