Бүгін Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбековтың төрағалығымен мәжіліс өтті.
Басқосуға ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, аудандық кәсіпкерлер палатасы, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиынды ашып, жүргізген Күнтілес Айдарбекұлы «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылдық жерлердегі халықтың табысын арттыру екенін тілге тиек етіп, осы бағытта жобаны тұрғындар арасында кеңінен насихаттауды айтты.
Атап айтар болсақ, жобаның талабы бойынша несие мерзімі 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін ұзарады. Сондай-ақ, жылдық мөлшері 2,5 пайыздан аспайды.
Аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков басқосуды қорытындылай келе осы жұмыстарды үйлестіру бағытында арнайы мобилді топ құрылғанын және жоба бойынша барлық құжаттар 15 мамырға дейін жасақталуы керек екенін еске салды.
©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі