Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша IV кезеңінің өткізілу барысымен танысты.

«Дарын» орталығының базасында өтіп жатқан білім бәйгесіне Қызылорда облысынан 7 пән бойынша 29 оқушы қатысып, бақ сынауда.

Басқарма басшысы тестілеу жұмысымен танысып, оқушыларға сәттілік тіледі.

💬Тестілеудің өткізілуі мен адалдықты қамтамасыз ету, бақылау мақсатында бүгін ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен, республикалық «Дарын» орталығынан, білім саласындағы сапаны бақылау департаментінен және ата-аналар комитетінің өкілдері қатысуда. Облыстық кезеңнен оқ бойы оза шауып, республикада аймақ абыройын қорғап жатқан оқушыларымыз жеңімпаз атанады деген сенімдемін. Баршаңызға сәттілік тілеймін, – деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

БӨЛІСУ