Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне Байқоңыр қаласыңда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.

Байқоңыр қаласында Дүниежүзілік авиация және ғарыш күніне орай халықаралық, республикалық деңгейдегі әр түрлі мәдени және спорттық шаралар жоғары деңгейде өтуде. Шараларға еліміздің әр түрлі өңірлерінен жас спортшылар, өнер ұжымдары қатысуда. Атап айтқанда:
– Байқоңыр қаласының, Ақай ауылдық округінің, Төретам кентінің жалпы білім беретін мекемелерінің білім алушылары арасында «Спорт фестивалі» шеңберінде жеңіл атлетикалық Гагарин эстафетасы. Жарысқа қаланың 11 жалпы білім беру мекемелерінен, сондай-ақ Байқоңыр электрорадиотехникалық және Байқоңыр индустриалды техникумдарынан командалар қатысты.
– «Вызов» көркем фильмінің тұсаукесері. 12 сәуірде Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін «Сатурн» киноконцерт залында космонавтика күнін мерекелеу аясында Клима Шипенконың ғарышта түсірілген «Вызов» фильмінің премьералық көрсетілімі ұйымдастырылды.
– Унибой және спорттық пышақ лақтыру Федерациясының ұйымдастыруымен 12-13 және 14-15 жастағы қыздар мен ұлдар арасындағы әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 7-10 сәуір аралығында космонавтика күні қарсаңында «Маяк» спорт кешенінде 12-13 және 14-15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында әмбебап жекпе-жектен (унифайт) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен: Байқоңыр, Астана Алматы, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Жетісу, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда облыстарынан 300-ден астам спортшы қатысты.
– Бірінші ғарышкер әйел В. В. Терешкованың ұшуының 60 жылдығына орайластырылған «Жұлдыздарға қарай» халықаралық вокалдық шығармашылық фестивалі-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі және лауреаттарының гала-концерті өтті.
– Космонавтика күніне арналған ардагерлер командалары арасында ашық волейбол турнирі. Байқоңыр қаласы волейбол федарациясының басшысы Б. Кеңесовтың бастамасымен ұйымдастырылып жатқан турнирге Шымкент қаласынан, Қазалы ауданынан, Қармақшы ауданынан және Байқоңыр қаласынан ардагерлерден жасақталған командалар қатысуда. Жарыстың мақсаты – волейбол ойыны арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
– 14-16 сәуір аралығында космонавтика күніне арналған таэквондодан балалар мен жасөспірімдер арасындағы ашық Республикалық турнир өтуде. Жарыста еліміздің әр түрлі аймақтарынан келген 700-ден астам спортшы қатысуда.

БӨЛІСУ