Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев “Ауыл аманаты” жобасын түсіндіру мақсатында Қарашеңгел, Құмжиек және Басықара ауылдарына барып, тұрғындарымен кездесті.

Жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан басшысы «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, жоба жөнінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Сапарбек Қуатов кеңінен тарқатып берді.

Басқосу барысында үш ауылдың тұрғындары тарапынан түрлі ұсыныстар айтылды. Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің жетекші маманы Арыстанбек Қанат ауыл халқы қойған сұрақтарға жауап беріп, кәсіп ашатындар үшін қажетті ақпараттарға тоқталды.

Айта кетейік, жобаға ауыл тұрғындарының да қызығушылығы зор болды. Олар өз кәсібін бастауға тағыда бір мүмкіндіктің ашылғанына дән риза.

БӨЛІСУ