Аудан әкімі Аасқарбек Есжанов «Төркіндеу» атты дәстүрлі жоба аясында туған жерге төркіндеп келген аналар қауымының құрметіне ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.

Мерекелік концер барысында Мәскеуде өткен механизаторлардың одақтық жарысында жүлделі орынды жеңіп алып, республиканың мақтанышына айналған тракторшы Гүлсара Қуандықова мен өз заманында көкқасқаны көгендеп мініп, Отан қоймасына алтын астық тасыған белгілі ақын сатирик Қазына Өзденбаева елге деген сағынышын, ыстық лебіздерімен ризашылықтарын жеткізді.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, белгілі ақын қыздарыңыз Ғазиза Әбділда жазған өлеңдерінің сөзіне жазылған әннің алғаш тұсауы кесілді. Ақынның шынайы сезімге толы «Ғашық өмір» атты өлеңіне Өнертану ғылымдарының кандидаты, композитор Гүлнар Ысқақова ән жазған.

Елге сәлем бере келген қыздарымыз өздерінің жөн-жоралғасымен қонақ кәде деп шағын концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Шара соңында құрметті қонақтарымызға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табыстал.

– Міне, сіздердің осылай келулеріңіз елге құт. Көктем жылдың тамаша мезгілі, табиғат ана оянып, сәуір туғанда шаруа-диқан қолына кетпенін алып, егіске шығады. Сіздер осындай үлкен науқанның алдында, игілікті істерге тілекші болып келіп отырсыздар деп есептеймін. Қайда жүрсеңіздер де отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын. Әрдайым аман жүріңіздер!Жақсы күндеріміз көп болсын, жақсылықта жолығып тұрайық,-деді, аудан әкімі.

Өз еліне еркелеп келген нәзік жандыларды аудандық «Иманқұл» мешітінің алдында тал егу акциясына қатысып, «Өркен Әлем» ЖШС-нің тігін цехымен және онда жұмыс жасайтын шебер аналар қауымымен жүздесті. Сондай-ақ, 2023 жылы пайдалануға берілген бақытты балалар мекеніне айналған, Жалағаш кентіндегі «Жеті қазына» жеке балабақшасының жұмысымен танысты.

Берекелі күннің түйіні ретінде ардагерлеріміз бен батыр аналарымызға арнап ауызашар берілді.

БӨЛІСУ