Жезқазған Жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарын толық көлемде қаржыландыру қажет – Әлихан Смайылов

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ірі коммуналдық кәсіпорындардың жұмысымен, автожол инфрақұрылымын жаңғырту барысымен және Жезқазған қаласын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен танысты.

Бірінші кезекте Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында реконструкцияланатын республикалық маңызы бар «Қызылорда – Жезқазған» автомобиль жолының учаскесіне барды. Ұзындығы 208 шақырымды құрайтын жол учаскесінде 2023-2025 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ол «Қызылорда – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» тас жолын реконструкциялау жобасы аясында іске асырылатын ұзындығы 305 км «Жезқазған – Қарағанды» күре жолымен қатар жаңғыртылатын учаскелердің бірі болады.

Премьер-Министр биыл республикалық маңызы бар жолдарды дамытуға 420 млрд теңге қарастырылғанын, соның есебінен 3,6 мың шақырым жолда құрылыс және жаңғырту жұмыстары жалғасатынын атап өтті.«Қызылорда – Жезқазған» автожолын реконструкциялауға мейлінше жергілікті компанияларды тарту қажет. Биыл бастапқы кезеңінде 65 шақырым жол пайдалануға берілуге тиіс. Жалпы жобаны аяқтау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді», —«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында биыл шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын жаңғырту жұмыстары басталмақ. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 6 млрд теңге бөлінді. Осыған байланысты әкімдік жоспарланған жұмыстардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуі қажет», — деді Үкімет басшысы.

Жұмыс сапары аясында Премьер-Министрге өңірді дамытудың бас жоспары мен Жезқазғанды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы таныстырылды. Алдағы екі жылда қалада жаңа көп пәтерлі тұрғын үйлер, мәдениет, білім беру, спорт, денсаулық сақтау нысандарын және әкімшілік ғимараттарды салу жоспарланып отыр. Бұдан басқа Кеңгір су қоймасының жағалауын абаттандыру, функционалдық қоғамдық орындар, саябақтар мен демалыс аймақтарын құру жұмыстары жоспарланған.

Үкімет басшысының айтуынша, жаңа нысандарды салу үшін инженерлік-көлік коммуникацияларын дамыту маңызды болып табылады. «Инфрақұрылым жүргізу, оны жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру және басқа да іс-шараларды орындау кезінде қала шекарасын одан әрі кеңейту перспективалары ескерілуі керек. Әкімдік бұл мәселені бақылауда ұстауға тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

БӨЛІСУ