EGov порталы азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын қарапайым әрі ыңғайлы етуде.
Спикердің айтуынша, осы жылдар ішінде жүргізілген барлық жұмыстар біздің цифрлық рейтингтердегі, БҰҰ рейтингтеріндегі халықаралық позицияларымызды айтарлықтай нығайтты.
«Электрондық үкімет бойынша біз онлайн сервистер мен онлайн қызметтер көрсету бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіретін көшбасшылардың бірі болып саналамыз», – деді Р. Коняшкин.
E-Gov порталы барлық мүдделі тараптарға Бірыңғай терезе шеңберінде мемлекетпен өзара іс-қимыл жасау үшін қарапайым және ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап азаматтар eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы мемлекеттік қызметтерге өтінім беруді жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Қазіргі уақытта 400-ден астам қызмет пен сервис іске қосылды. Жыл соңына дейін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша смартфондағы мемлекеттік қызметтерді 90%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
«Қазір мобильді қосымшаны ай сайын 3 млн-ға жуық белсенді азамат пайдаланады. Барлығы 14 миллионнан астам қолданушы бар», – деді «ҰАТ» АҚ басшысы.