Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың 2021 жылғы 26 ақпандағы Жар­лығы­мен Қазақстан Республикасында мем­­лекетті басқаруды дамытудың 2030 жыл­ға дейінгі «Ең алдымен адамдар» – адам­ға бағдарланған моделін қалыптастыру Тұжы­рымдамасы қабылданды. Алты бөлімнен тұратын бұл құжатта ағымдағы жағдайды талдаудан бастап, халықаралық тәжірибеге шолу мен мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары сараланған.

Мұндағы басты мақсат – адамдарға бағдар­лан­ған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыпт­астыру және осы тұжырымдаманы іске асыру­дың жолдарын айқындау. Қазіргі әлемдік ахуал­дың турбуленттілік, өсіп келе жатқан құ­­был­малылық, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың белгісіздігі дәуіріне аяқ ба­сып отырғандығын ескере отырып, осынау ауқым­ды сын-қатерлерді еңсеру барысында мем­лекетке деген қоғамдық сенім, оның өз­геріс­терге дайындығы мәселесі ерекше ма­ңызға ие болмақ. Өйткені қоғамда неғұрлым тиім­ді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың бас­­қа­ру­шылық шешімдер қабылдауға қаты­суы­­на деген сұраныс бар. Оның басты себебі мем­­­ле­­кет­­тік басқарудың қолданыстағы әкім­ші­­лік-ба­қы­лауға негізделген моделінің халық­тың үмі­тін то­­лық­тай ақтамағандығында сияқ­ты. Бү­гінгі таңда мемлекеттік басқарудың сервис­тік және адамға бағдарланған моделі әлі қалып­таспай отыр.

Осыған орай Тұжырымдамада мемлекеттік секторды трансформациялаудың мағыналық бағыты көрсетілген және мемлекеттік бас­қару­ды жаңғыртудың негізгі қағидаттары, мін­деттері мен тәсілдері айқындалған. Ол аза­мат­тардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақ­сар­туды, стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруды, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруды және мемлекеттік қызметтер көрсетудің проак­тивті форматына көшуді, жергілікті өзін өзі басқаруды дамытуды, реттеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетіл­діру­ді, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерін өзгертуді көздейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті КР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынын облыстық филиалымен бірлесіп, Қызылорда облыстық, қалалык, аудандық, және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлеріне ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Ең алдымен адамдар» атты арнайы біліктілікті арттыру бойынша оқыту семинарын өткізді.
Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов «Ең алдымен адамдар» оқыту семинарында дәріс оқыды.
Н.Сүлейменов оқыту семинарында қызмет көрсету барысында халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастардың тәсілдерін қалыптастыру жөнінде сөз қозғады.
Бұдан бөлек, дәрісте қызметтерді көрсету барысында күйзеліске шыдамдылық пен төзімділік, қызмет алушыларға бағдарлану әдістеріне басымдылық беру, көрсетілген қызмет сапасына сыртқы және ішкі бақылау жүргізу тетіктері мен заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдылары қамтылып, консультативтік-әдістемелік көмек көрсетіп, семинарға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.
Алдағы уақытта аталған оқыту семинары өз жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ