Бүгін аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті.

Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, кент пен ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил, білім саласының ардагерлері дербес бөлім басшылары, мектеп, балабақша басшылары қатысып, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2023 жылғы 12 сәуір №33-ЖҚ бұйрығымен “Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі” КММ басшысы болып Баймұратова Жібек Орынбайқызы тағайындалды.

Өз кезегінде жиынға қатысушы ардагерлер сала басшысын қызметімен құттықтап, алдағы істеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, ұлт болашағын қалыптастыратын жауапты да, жауапкершілігі мол білім саласына үлкен өзгерістер әкеледі деген сенім білдірді.

Жібек Орынбайқызы 1971 жылы 18 қаңтарда Шиелі ауданында дүниеге келген. 1993 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993-2008 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, әдістемелік кабинет меңгерушісі болып бастаған. 2008 – 2013 жылдары аудан орталығындағы №45 “Ақорда” мектеп-гимназиясының, №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейдің директоры, 2013 – 2018 жылдары аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары, бөлім басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.

2018 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарды.

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ