Облыс әкімінің жедел штаб отырысында берген тапсырмасына сәйкес бүгін ауданда құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен жиын өтті.

Аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш бастаған екінші топ Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектепке ат басын бұрды. Топ құрамында аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық полиция бөлімінен Айдын Бегімбайұлы, еңбек ардагері Алғашбай Байкөбеков және аудандық білім бөлімі мен полиция қызметкерлері бар.

Ғазиз Әлмәмбетұлы төрағалық еткен жиында жасөспірімдердің бүгінгі тәрбиесі, ата-ананың бақылауы, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс, құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылды.

Сол тұста Қазалы қаласындағы Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектепте аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов бастаған арнайы үшінші топ өкілдері мектеп оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен жиналыс өткізіп жатты.
Топ құрамындағы облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп пен аудандық мәслихат депутаты Есет Табынбаев кезек-кезек сөз алып, қатысушылармен ашық әңгіме өрбітті.

Қорытындылай келе, аудандағы топтық төбелестің алдын алу, жасөспірімдердің қылмысын тыю мақсатында түрлі шаралар қолға алынатын тілге тиек етті.

©️Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ