Қымбатты ата-аналар, біздің әрбіріміз отбасымыздағы балаларымызды тәрбиелеу арқылы болашақтың іргетасын қалаудамыз. Жан-жақты талант иесі Мағжан Жұмабаев: «Бала тәрбиесі бір өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», – дей отырып, бала тәрбиесінің маңыздылығын қадап айтып көрсеткен болатын. Біз осы маңызды міндетті дұрыс атқара алып жүрміз бе, ата – аналар?
«Баламның мұқтажын өтедім, киіндірдім, ішер асын дайындадым», – деп бала тәрбиесіне көңіл бөлмеу, бос уақытында айналасып жүрген ісіне мән бермеу, бетімен жіберу үлкен қателікке ұрындырарын есте сақтайық.

“Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас”- дейді халық даналығында. Міне, осы жолдардың бел ортасында ойып көрсетілгендей, баланы еңбекке үйрету, бос уақытында пайдалы жұмыстар тапсырып, нәтижесін тексеріп, артық жүріске, бос сандалысқа уақыт артылмайтын жағдайда ұстауды есте сақтауымыз абзал.

Бүгінгі таңда жан-жағымызда болып жатырған жағымсыз жағдайлар сол бос сандалыста жүріп қалған балалардың арасында туындауда. Сөздің түйіні – баламыздың іс-әрекетіне абай болайық, ағайын.

Бала тәрбиесі – басты байлығың,
Кешіксең, көретінің қайғы-мұң.
Осыны ұмытпайық,- дегім келеді.

МАЙРА ТҮНҒАТАРОВА

АРДАГЕР-ҰСТАЗ, АТА-АНА

БӨЛІСУ