Өрт – барлық апаттың бастауы. Ол күрделі шығынға әкеліп соқтырары сөзсіз. Оған деген немқұрайлықтан, селқостықтан арылуымыз керек. Өрт әр түрлі жағдайда шығуы мүмкін, сол өрттердің бір түрі орман – тоғай өрті. Теледидардан байқап отырсаңыздар жылдың көктем, жаз мезгілдерінде, әсіресе орман-тоғай өрті көп орын алып отырады. Бұл өрттердің негізгі көп орын алатын орны, күннің қызуынан шөптердің қурап, көгеріп, өзі өртенуінен және де саяжайға дамалысқа барған азаматтар мен азаматшалардың ошақ құрып, от жағып, өртті өшірмей немқұрайлы қараусыз қалдыру салдарынан болып отырады. Табиғатты қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор. Әрбір қорықшы өзіне бекітілген учаскесінде бақылауды күшейткен жағдайда өрттің шығуы да аз болар еді. Бұл өрттердің шығу себептері шаруашылық басшыларының, жеке азаматтардың көктем айларында егіске, бау-бақша егуге даярлық кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамауынан. Атап айтатын болсақ, егіс егетін жерлерді, су арналарын арам шөптерден тазарту үшін өртейді де, отты сөндірмей бақылаусыз қалдырып кетеді. Соның салдарынан олар желдің әсерімен жан-жаққа жайылып, табиғатқа қыруар зиянын тигізеді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін шаруашылық басшылары дала жұмысына бөлінген адамдардың өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауын талап етуі тиіс.

 

БӨЛІСУ