Кешегі күннен бастап облыс көлемінде кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдттік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараларға барлық білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие орынбасарлары және жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювенальды полиция тобының қызметкерлері тартылуда.

Профилактикалық жұмыстар жастар көп шоғырланатын орындарда және кафе-бар мейрамханаларда жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағаланды. Бірлескен бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Құрметті ата-аналар!

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында мектептен тыс уақыттарда құқық бұзушылықтар мен қылмастар орын алуда. Осы орайда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қатаң қадағалауды сұраймыз!

©Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

БӨЛІСУ