7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсарта түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі.

Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Сондай-ақ, бүгінгі таңда денсаулыққа зиянды тағамдар мен сусындарды тұтыну үлкен проблема болып табылады, бұл семіздік, қатерлі ісік пен жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне әкеледі.

Дүниежүзілік денсаулық күні әлемнің барлық елдері үшін денсаулық сақтаудың негізгі мәселелерін шешуге арналған жақсы  мүмкіндік.

 Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай, №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығында ардагерлер арасында «Денсаулық баршаға» ұранымен акция ұйымдастырылды.
Акция барысында кардиолог, невропотолог, дермотолог мамандарынан медициналық кеңестер берілді.
Сонымен катар гір тасын көтеру, дойбы ойыны түрлерінен спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Шара соңында спорттық сайыстың жеңімпаздары дипломмен жане бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, облыстық тері-венерология диспансері мамандары облыстық жастар денсаулығы орталығы мамандарымен бірлесе отырып Болашақ жоғары медицина колледжі студенттері арасында «Жұқпалы тері ауруларының алдын алу» тақырыбында акция өткізілді.
Шара барысында мамандар студенттерге жұқпалы тері ауруларының түрлері, жұғу жолдары, олардан қорғану, алдын алу жолдары жөнінде кеңінен ақпараттар берді.
Сонымен қатар, танымдық-ақпараттық материалдар таратылды.
Студенттер мамандарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

БӨЛІСУ