1995 жылғы 7 сәуір халқымыздың тарихындағы ерекше атаулы күндердің бірі. Бұл күні ел үшін кеудені оққа керген қазақстандық Ішкі әскердің жауынгерлері Тәжік-Ауған шекарасында айбынды ерлік, қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен болатын.

Атаулы күнге сәйкес, бүгін “Тағзым” алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.

Шарада облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Ардагерлер одағының Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Марат Орынбайұлы сөйлеп, арыстар аруағы алдында бас иіп, құрбан болған әскерилердің рухына Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына құран бағышталды.

БӨЛІСУ