Бүгін, қалалық мәслихат депутаттары, тұрғындардың ұсынысына сәйкес, Арай-Шұғыла (Арай-3 ауданы) мөлтек ауданындағы аралға өтетін ескі көпірдің жағдайымен танысты.

Аталған көпір Кеңес Өкіметінің кезінде салынған. Қазіргі таңда пайданылмайды және көшенің тар болуына байланысты көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге қолайсыз жағдай жасауда. Әсіресе, қыстағы тайғақ күндері, күннің ерте бататын уақыттарында сабаққа қатынайтын бастауыш сынып оқушыларына жайсыз.

Депутаттармен кездескен тұрғындар, Арай-остров аумағына жүргізілген жарық бағаналарының қосылмай отырғандығын, 31,13 бағыттағы қоғамдық көлік бағытын созу, көшелерге атау берілмей тұрғандығы және аумаққа әлеуметтік дүкен қажет екендігі туралы ұсыныстарын айтты.

Депутатар назарындағы келесі нысан, Спмк-70 мөлтек ауданы, №3 тұрғын кварталындағы аула ішілік жөндеу жұмыстары болды.
Қызылорда қаласы СПМК-70 мөлтек ауданы №3 тұрғын кварталында барлығы 4 тұрғын үй салынған.
Оның біреуі, «Авангард ПГС» ЖШС-і салған 60 пәтерлі ипотекалық №3 тұрғын үй (4 096 ш.м) қабылдау актісімен тапсырылғанымен бүгінгі күнге Отбасы Банкке табысталмай тұр. Себебі инженерлік желілері және абаттандыру жүргізілмеген. Осыған байланысты, 1,5 жыл көлемінде ауланы абаттандыру жұмыстары жүргізілмей, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайсыздық тудырып келген.

Осы мәселеге байланысты тұрғындар шағымданған. Қазіргі таңда, аталған тұрғын кварталдың инженерлік желілерінің тиісті қаражаттар бөлініп, жылу, ауыз, су, кәріз су, газ желілерін жүргізіліп, аяқталған.
Қазіргі таңда инженерлік инфрақұрылым желілерін жүргізу жұмыстары толығымен аяқталып, аулааралық абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

БӨЛІСУ