Қариялар – қазақ тарихында ұлттың ұлт болып қалыптасуына, салт-дәстүрдің, дін мен ділдің, тілдің, басқа да асыл құндылықтарымызды сақтауда маңызды рөл атқарған.

Ақылман абыздың аталы сөзі тұтас елдің тентегін тиып, ел ауызбіршілігіне тұтқа болып, ағайынның түтінінің түзу шығуына ықпал еткен.

Бүгінде қадір-қасиетін жоғалтпаған ақсақалдар мектебінің тәрбие ісінде де алар үлесі зор.

Осыған орай, облыстық дін істері басқармасы ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, дөңгелек үстел өткізді.

Ардагерлер үйінде өткен келелі басқосудың арнайы қонағы болған облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлы баяндама жасап, ардагерлердің исламдағы орны және оларды құрметтеу міндеті жайлы насихат айтты.

БӨЛІСУ