«AMANAT» партиясы облыстық фиилиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ғабит Жаңабаев азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға келушілер жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және ерекше қажеттілігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту тақырыптары бойынша өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.

Келушілерге тұрақты жұмысқа орналасу үшін ең алдымен жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық немесе жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар екені түсіндірілді. Атаулы әлеуметтік көмекке тапсыру заңдылығы түсіндірілді. Көмек алушы ретінде тіркелгеннен кейін мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер аталып, әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды.

БӨЛІСУ