Бүгін Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Мұхтар Ибраев, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» ҚБ облыстық филиалының жетекшісі Владимир Толоконников, Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу аясында Әділетті Қазақстанды құру, жалпыелдік «Бірлігіміз әралуандықта» ұранын ілгерлету мәселелері туралы пікірлер айтылды. Елімізді жаңғырту жолында нақты жұмыстар қолға алынып, өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту, дамудың даңғыл жолына түсу төңірегінде ой өрбітті. Бұл тұрғыда мекеме қызметкерлері орамды ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Кездесуге келген АТТ мүшелері әрбір бастаманың нәтижелі болуы ең бірінші мызғымас бірліктің, татулықтың арқасы екендігін айтып өтті. Ең бастысы тұрақтылық пен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін қадірлеуге шақырды.

 

БӨЛІСУ