Аймақ басшысының бастамасымен облыс орталығында бір мезетте қатарынан үш бірдей ғимараттың іргетасы қаланды. Олар: 1,6 млрд. теңгені құрайтын «Неке сарайы», 3,7 млрд. теңге болатын
1000 орындық «Көпфункционалды кешені (өнер орталығы)» және 2,8 млрд. теңгені құрайтын «Облыстық қан орталығының» құрылыстары. Бұл ғимараттар қаламыздың сәулеттік келбетіне көрік қосып, ынтымағы жарасқан тұрғындарымызға ерекше тарту болмақ.

Сонымен қатар, белгілі кәсіпкер Марат Дүйсенбаевтың демеушілігімен құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Анаға тағзым» орталығының құрылысы қарқын алды.

Инфрақұрылымдық әлеуетті дамытуда Болат Өтемұратовтың қолдауымен құны 31 млн АҚШ доллары болатын «Қорқыт ата» әуежайы жаңа терминалының құрылысы  басталды.

«Қазгермұнай» Ұлттық компаниясы басшылығы заманауи үлгідегі «Оқушылар сарайының» жобасын қолға алды. Одан бөлек, шаһарымызда 200 төсектік жаңа перинаталдық орталықтың құрылысы басталады. Қуаттылығы 240 мегаватты құрайтын жылу электр орталығының да іргетасы қаланды. «Акса энерджи» түрік компаниясымен бірлескен жұмыстар 2025 жылы аяқталып, жаңа нысан ел игілігіне беріледі. Бұл арқылы қала аумағын сапалы жылу және электр энергиясымен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.

Бүгінде қаламызда бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары жүруде. Бұл ауқымды жобаларға республикалық және облыстық бюджеттерден 27 млрд 510 млн теңге бөлінді. Осы нысандардың құрылысы аяқталысымен, баспана кезегіндегі тұрғындарға пәтер кілттерін табысталмақшы.

Ескеретін жайт, құрылыстағы биылғы ерекшелік Сол жағалаудан 7 қабатты 6 үй бой көтеруде. Айта кету керек, жақында ғана облыстық бюджеттен бөлінген
562,5 млн. теңгеге баспанасы апатты деп танылған кезектегі 40 отбасы пәтер кілтін алды.

Бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар, 300 төсектік көпбейінді аурухана (онкологиялық бөлімшесімен) салуға республикалық және облыстық бюджеттерден
3 млрд. 272,4 млн. теңге бөлінді (жоба құны 36,8 млрд. теңге).

Тасбөгет кентінен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға облыстық бюджеттен 542,1 млн. теңге қаралды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында заманауи үлгідегі 8 мектеп салу жоспарлануда. Оның бесеуінің құрылысы биылғы жылы басталады.

Сол жағалаудан 400 орындық және 300 орындық жатақханасымен физика-математикалық мектеп-интернатының құрылысы жүргізіледі.

Тұрғын үйлерді қайта жаңғырту:

12 көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу үшін 773,8 млн. теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жуық арада басталады.

Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағыты: Бәйтерек тұрғын ауданына «Қызылжарма» каналы арқылы өтетін автомобиль көпірінің құрылысын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттен
384,7 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС).

Бұдан бөлек, Ғ.Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған көпір құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 320,5 млн. теңге бөлініп, бүгінде көпірдің металл бөлшектері әзірленуде (мердігер «Гүлнұр МК» ЖШС).

Қаланың басты көшелерінің бірі саналатын С.Бейбарыс көшесін (Н.Назарбаев даңғылынан «Қызылорда-Құмкөл» трассасына дейін) қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуге республикалық және облыстық бюджеттен
2 млрд. 349 млн. теңге бөлініп, 4,2 шақырымы жаңғыртылуда (мердігер «УАД» ЖШС).

Бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы жалпы құны 12 млрд. теңгеге қала мен оған қарасты кент және ауылдық округтердегі 238 көше жөнделеді (165 шақырым).

Жалпы биылғы жылы басымдық қаланың шет аймақтарындағы көшелерге берілді. Өйткені тұрғындарымыздың талап-тілегі мейлінше ескерілуі керек.

Сырдария өзенінің сол жағалауында басты көше жолының Батыс Европа-Батыс Қытай дәлізімен жанасатын жеріне көлік айырығын салуға республикалық және облыстық бюджеттерден 5,7 млрд. теңге бөлініп, бұл жұмыстар биылғы жылы толығымен аяқталады.

БӨЛІСУ