VIII шақырылған Қызылорда қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев жоспарға сәйкес жеке қабылдауын өткізіп, тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында Бектұрғанов көшесі № 13 үйдің тұрғыны, Ф.Балғабаева өздері тұрып жатқан үйге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының сапасына көңілі толмайтынын білдірді.
Сонымен қатар, I топ мүгедегі, зейнеткер З. Исхакова тұрғын үй алу, пәтер кезегіне тұру кезінде әлеуметтік осал топтарға, мүгедектерге жеңілдіктер қарастыру туралы ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ, Қорқыт Ата көшесі бойындағы «Small» әмбебап ірі дүкеніне (супермаркет) өтетін жаяу жүргінші жолағына қатысты, жеке үй құрылысы үшін жер телімдерін алу бойынша мәселелер көтерілді. Ж.Аленов жер кезегінде тұрғанын, кезектің қашан келетінін жайлы хабар алғысы келетінін білдірді.
И.Құттықожаев қалалық мәслихат тарапынан шешу жолдарын қарастыру бойынша құзырлы органдарға хаттар жолданып, жұмыс жасалып, жауаптар жолданатынын жеткізді. Кейбір мәселелерге қатысты шешу жолдарын түсіндіріп, бағыт-бағдар, ақыл-кеңестер берді.
2023-04-05