Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму басқармалары, полиция, мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының және аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерінің орынбасарларының қатысуымен «Отбасының цифрлық картасына» түсетін деректерді ведомстволық ақпараттық жүйелерден өзектендіру жұмыстарының жүргізілу барысы туралы кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес отырысында ведомстволық ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сапалы және уақытылы өзектендіруді қамтамасыз ету үшін мүдделі басқармаларға жауапкершілік бекітіліп, өңірлік штаб құру және жұмысты жандандыру бойынша шаралар қабылдауға тапсырмалар берілді.

Жаңа Әлеуметтік Кодекстің негізгі мақсаты – бұл халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша жаңа форматта қызмет алу мүмкіндігі ұсынылды. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап тізбе әлеуметтік қорғау саласындағы қызмет кеңейтіліп, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларына мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап мемлекеттік кепілдіктің барлық түрі қамтылады деген жоспар бар.

Жоба жұмыстарының жүргізілу барысы апта сайын Өңірлік штаб отырысында қаралатын болады.

БӨЛІСУ