Бүгінде Арал ауданында егін егу науқанына әзірлік жоспарға сай жүзеге асырылып, көктемгі дала жұмыстары жалғасуда.
Солардың ішінде, Аманөткел ауылдық округі бойынша жеке тұрғындарға 10 гектар жер жыртылса, шаруа қожалықтар «жаңбырлатып суару» әдісі арқылы 50 гектар жерге «жаңа жоңышқа» егу жұмыстарын қолға алды.
Сонымен қатар, Жаңақұрылыс ауылдық округі 15 гектар жерді тегістеу жұмыстарын бастап кетсе, ал Қамыстыбас ауылдық округі 12 гектар және Қосжар ауылдық округі 4 гектар бау-бақша егетін жерлерге жер жырту жұмыстарына кірісті.
Бүгінгі күнге, жалпы аудан бойынша 178 гектар жер жыртылып, әліде егістік жерлерді жырту, тегістеу жұмыстары жалғасын табуда.
Сонымен қатар, автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен ауыл ішілік жолдардың құрылысы жүргізілсе, кейбірі қайта жаңғыртылуда. Мәселен биыл Аманөткел ауылдық округінде «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 145,9 млн.теңге болатын 3 көшенің автомобиль жолдарының құрылысы басталды. Орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігер ретінде «Қазалы Жолшы» ЖШС мекемесі танылды. Қазіргі уақытта мекеме тарапынан Аманөткел-1 (70,1 млн.тг) көшесін орташа жөндеу жұмыстары басталып, тегістеу жұмыстары жүргізілуде.