Бүгін қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы С.Дүйсенбаевтың төрағалығымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бибитова Мирамкуль Малаевна, қалалық дербес бөлім басшылары қатысты.
Жиында Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Файзуллаев, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ғ.Қожахметовтың мемлекеттік қызметтерді көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Кеңес мүшелері тарапынан көтерілген мәселелер талқыланып сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Кеңес қорытындысымен Департамент басшысының орынбасары М.Бибитова мемлекеттік қызметтер бойынша жұмыстарды сапалы жүргізілуіне бірқатар ұсыныстар берді.
1. Бөлімдермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша нұсқаулық (бейне ролик, слайд және т.б.) әзірлеп, тұрғындарға әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
2. Қызмет алушылар тарапынан шағым келтірмеу және наразылық туындатпау мақсатында бөлімдермен қызмет көрсетуден бас тартуды әзірлеу кезінде заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сілтеме бере отырып, нақты себебін айқындап дәлелді бас тарту практикасын енгізу мақсатында бөлім қызметкерлерімен құқықтық оқу жүргізу.
3. Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштерді «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы арқылы қабылдау тәжірибесі тоқтатылып, сәйкесінше қызмет алушылардың өтініштерін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылдау тәжірибесін енгізу.
4. Қызылорда қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық, қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттардың қозғалыс кестелерін «Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бекіту тәжірибесін енгізу.
Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелер хаттамаға енгізіп тиісті бөлімдерге жолданды.

БӨЛІСУ