Көктем келіп, күн жылына басталысымен кенелердің табиғатқа шығуы белсенді бола бастайды. Тұрғындар арасында әсіресе, далалық аймақта жұмыс жасайтын, мал шаруашылығы, егін шаруашылығымен айналысатын адамдар үшін кене шағып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырып алу қөаупі артады. Бұл ретте сақтық шараларының орындалуы аса маңызды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары аса қауіпті инфекциялық аурудың алдын алу мақсатында санитариялық ағарту жұмыстарын жыл бойы жүргізеді, маусым басталған шақта жұмыс ауқымы артады.

Сондай түсіндірме жұмыстары Сырдария ауданының Амангелді, Айдарлы ауылдарында жүргізілді. Шара барысында елді мекен тұрғындарына мал шаруашылығымен, ауыл шаруашылығымен айналысқанда арнайы жұмыс киімдерін кию, қолғаптармен жұмыс жасау қажеттігі айтылды. Сондай-ақ кене шаққан немесе жанасқан жағдайда және ауру белгілері анықталған бойда жедел медициналық көмекке жүгінуге туралы кеңес берілді. Себебі дер кезінде ем-шара қабылдаған кезде бұл аса қауіпті ауру болса да толық сауығып шығуға болады.

БӨЛІСУ